Қазіргі әлемдегі діни жағдай және терроризм, экстремизм
Қазіргі әлемдегі діни жағдай және терроризм, экстремизм



Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады. Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады. «Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады». Қазіргі уақытта ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр.
Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылықтарын көрсету. «Діни экстремизм» әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады. «Діни экстремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал. Жаһандану заманында «діни экстремизм» қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жетіп отыр. Қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықтармен біріге отырып жан-жақты күшейтуіміз керек. Бүкіл әлемдегі кез келген мемлекет бұл «қоғамдық қасіретке» қарсы күресті жеке жүргізу қиындыққа соғады. Сондықтан, 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Аталған құжатта БҰҰ-на мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішіндерін бір жақты айыптайды, соған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетеді. Елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-бабында: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деп аталады. Соған қарап отырып, еліміз экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге дайын екендігін көреміз. «Экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Олар қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Экстремистер адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады». Экстремизм және терроризм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат – адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс­ қимылын жоюға дейін барады.
1. Діни экстремистік топтардың іс-әрекеттері төмендегідей көрініс табады:
2.Исламға (басқа дінге) үйрету деп экстремисттік идеялар таратылады;
3.Діни (исламдық) тәртіп үшін күресуге шақыратын топтар, партиялар ұйымдастырылады;
4.Билік жағынан қарсы әрекет жасалғанда жасырын жағдайға көшеді және өздеріне халықтық мүдделер үшін күресушілер тобын құрайды;
Басқа экстремисттік ұйымдармен тығыз байланыстар орнатылады және бірігеді, шет ел орталықтарымен байланыста болып және олардың көмегімен билікке қарсы джихад (соғыс) жариялайды.
Сонда байқап отырсақ, экстремизм мен терроризмнің шығу себептерін талдауы барысында саяси, экономикалық, әлеуметтік, этникалық, діни-конфессионалдық көзқарастары мен қайшылықтардың еркін соқтығысуында деуге болады. Әлемдегі жаһандық мәселелерді шешу барысында күш біріктірмесек, бұл қауіп-қатер өсуі мүмкін. Осы кезде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады. Исламның қалыптасуының алғашқы жылдарынан бастап мұсылман теологтары мен құқықтанушылары (сонымен қатар, тарихнамалық жəне заңгерлік əдебиеттердің зиялы авторлары да) мұсылмандық мемлекеттің (халифаттың) экономикалық саясаты мен қауымның экономикалық іс-əрекеттеріндегі əртүрлі проблемаларға тап болып отырды. Бұл негізінен сол кезде тек дін болып қана қоймай, сонымен қатар, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің ресми идеологиясы болып табылған исламның тарихи тағдырының ерекшелігіне байланысты болды. «Əділетті халифтер» заманында ақ, өзінің аумағын үздіксіз кеңейтіп отырған мемлекеттің шаруашылық белсенділігін идеологиялық (исламдық) тұрғыда негіздеу өте қажет болды. Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат – билікке жаңа саяси күштің келуі. Бұл тенденцияның ең маңызды деген сәті болып саяси процестердегі руханияттың рөлі табылады. Яғни оның мемлекеттің саяси құрылымына өтуі немесе өтпеуі, сонымен қатар қандай да бір саяси құқықтық мектептің басшылық алуы. Ең қызығы, тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, өзіне рухани және иоральдық функцияларды ала отыра, руханияттың саяси бөлігі билік жүйесіне өткен сайын мемлекет мақсаттарын қолдап оны уағыздаушы болып келеді, және бұл жағдайда Шариғат нормаларының бар болуы аса маңызды емес. Оған мысал ретінде Мысырдағы жағдайды алуға болады. Ондағы руханият елуінші жылдары «Мұсылман бауырлар» қозғалысының экстремистік қанаты, оның ішінде мынадай саяси ағымдар: «әл-Джиһад», «ат-Такфир уа-әл хиджра» және анағұрлым сабырлы «Хизб-ут-тах-рир» – ды ресми сынға алды. Сонда -ақ «Таблиғ жамағаты туралы толық ақпарат алу қиын. Бұл ағымның дінді таратудағы әдістері бұл ұйымның іс-әрекетін радикалдылыққа ұшыратуы әбден мүмкін. діни фанатизм бұл Қазақстандағы дінаралық татулыққа кері әсер етуі мүмкін. Діни ағымдардың жұмақ, тозақ, сот күні, ақырзаман туралы жиі еске салуы жастардың өмір мәндік ұстанымдарына және құндылықтық бағдарына кері әсер етеді. Сондықтан да, жаңа діни ағымдар ұстанымдарына жіті көңіл бөлу маңызды» Туркиядағы исламның ерекшеліктері туралы сөз қоззғайтын болсақ, оның елдегі саяси жағдайына маңызды әсер ететін күшті элементтерін атап өту жөн. Мысалы, суфийлік фактордаң үлкен саясатқа өте алмайтындығымен бөлек жеке радикалды элементтердің, ланцизм саясатына қарсылығы. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченконың байқауынша, исламистер мен лацизм жақтаушылары арасындағы күрес, жаңа аспектілерге ие бола тұра, зайырлы Түркияның саяси өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылады. Ливияда 1969 жылғы революциядан кейін мемлекеттің қоғамдық және саяси климатын демократизациялауда ливиялық билік басындағылар ортодоксалды исламның мемлекеттік-құқықтық доктринадан кері бетбұру арқылы мемлекеттік құрылым мен қоғамдық құрылыстың кейбір мәселелері бойынша жоспар жолдамаларын құрды. Жаңа заманға джамихирийлік жүйені қалыптастыруда ливиялық басшылық мәні жағынан хараджиттердің позицияларына жақындаса түсті. Ал олар, өз кезегінде, бөлек жағдайда халифаттың, оның «қажеттігі» тезисіне қарағанда, «болу мүмкіндігі» жөнінде айтады. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу процесі бұл мемлекетте ислам дінінің тектік-таптық құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.
Ресей шығыстанушысы Л.Р. Полонская Үнді және Ауған мұсылмандары арасында тікелей байланысты қарастырады. Яғни оның айтуынша, Ауған мұсылмандарына XVIII ғасырдағы Солтүстік Үндістандағы Сеид Ахмед Барлеви қолбасшылығымен вахаббиттік қозғалыстың жандануы үлкен әсерін тигізді. Сауд Аравиясындағы ислам радикализмі, негізінен, проамерикандық ориентацияның жоғарғы басшылар топтарында орын алуы. әсіресе мұсылман қауымының қарсылығы бұл жартыаралдағы американдық әскерлердің орналасуында болып табылады. Соған сәйкес 1994 жылы антибатыстық маргиналды топтың көшбасшылары шейх Сальман әл Ауда мен Сафар әл Хавали тұтқынға алнған болатын. Таяу шығыстық тапшылық бойынша ең қолайлы саясат пен мемлекет ішіндегі қақтығыстар дамыған ханбалиттік саяси-құқықтық жүйесімен реттеледі. Исламның жан-жақты талқылауымен көрініс табуына қарамастан, заңды болып әсер етуші екі ағым ғана бар: сыртқы және ішкі. Екеуінің әсері саяси бағыттарда ішкі және сыртқы күштердің қатысуымен исламды радикализациялау және бұл факторды пайдалану болып табылады. Мұсылман қауымында исламның позициясы өте күшті болуына байланысты ішкі фактор ретінде, руханияттың саяси бөлігінің позициясы; қоғамды деорталықтандыру және корпоративизациялау элементі бар суфизм және халықты біріктіру мен билікті орталықтандыруды жалпы және ыңғайлы нысан саясатты қалыптастыруды жақтаушылар, яғни исламды оның классикалық тұрғыдағы нысанға қайта келтіруді қолдаушылар арасындағы қарама-қайшылықтар. Оны көптеген тарихи фактілер дәлелдейді. Осыдан біз, ішкі конфессионалдық тапшылықтың негізінде интеграция қағидалар мен нысандары арасындағы қақтығыстар және оның түбінде өз саяси билігін жүзеге асыру жатыр. Мемлекетке қарсы шығуда да, және оған бағынуда да екі нысан да ерекше және ыңғайлы болып табылады.
Діни экстремизм мен терроризмнің шығуына көптеген жағдайлар әсер етті. Атап айтатын болсақ:
• экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және мәдени салаларда артта қалу;
• әлеуметік әділетсіздік;
• жұмыссыздық, кедейшілік, ауыл және қала мәселелері;
• халықтың өмір сүру түрі, стандарттарына батыс елдерінің араласуы;
• нәсіл, дін, мазхаб, идеология, аймақ және шекара мәселелері;
• саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан үстемдік құруы;
• діни, мәдени және идеологиялық, миссионерлік іс-шаралар;
• географиялық аймақтар, мемлекеттер, халық пен ел арасындағы түсініспеушіліктер;
• дамыған елдер мен мемлекеттердің дамымаған елдерді отарлауы, бөліп тұтастығын бұзуы;
• отбасы проблемасы, қоғамнан аластатылуы, өзін-өзі көрсету және дәлелдеуі;
• бір адамның, қоғамның бастан кешкен күйінішіне, әлсіздігіне қарсы өш алуы;
• өз дінінің, идеологиясының, халқының және мемлекетінің алдындағы міндетін атқару;
• қоғамдағы саясат, мәдениет пен өркениет дамуына қарсы әрекеттердің туындауы.
Қазіргі жаһандану заманында экстремизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады:
1. Антижүйелік экстремизм – ең көп тараған түрі. Діни ұйымдардың саяси күшке ие деңгейін мойындамайтын оппозиция мен билік арасындағы қақтығыс (Алжирде).
2. Этникалық экстремизм – түрлі этностардың қоғамда басты доминант болуына бағытталған әрекет ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бұл этностар мен аз ұлттар нақты преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну әрекеті болып табылады. Бұл тойтарыс ұлт-азаттық, соның нысанына ие бола алады немесе СУАР, Индонезия, Шешенстан және тағы басқа мемлекеттерде орын алған қақтығыстарда сияқты созылмалы тапшылық кезінде пайда болған ұйымдасқан саяси топтарға айналатын трансформацияға ұшыраған әрекеттер. Азаттық жолындағы халықтың әрекеті оған діни-дәстүрлі сипат беруі күшейе түсетін факт заңды болып қала береді. Дәлел ретінде, Кавказда болған Шәміл көтерілісі, Алжирдағы – Әбдел Қадыр басқарған француз отаршыларына қарсылық көрсету кезеңі, Индонезиядағы – Дипонегоро басқарған көтеріліс барысында және Суматр аралында Голландия отаршыларына қарсы сәләфизм туы астында болған көтеріліс ошақтары, Израильдың сионистік саясатына қарсы тұрған Палестина халқының шерулері, Солтүстік Үндістандағы – Сеийд Ахмед Барлевидің басқаруымен өткен уахабшылар көтерілісі. Кейін бұл көтерілістер Ситан, Пенджап, Кашмирде, Ливия, Солтүстік Ирландиядағы радикалды әрекеттердің жандануы орын алды.
3. Cекталық экстремизм – өзінің бақылауға түспейтін және айқын еместігі себептерінен діни экстремизмнің бірден-бір қауіпті нысаны болып табылады. Олардың да әрекет ету әдіс-тәсілдері ерекше сипатқа ие.
4. Діни экстремизм (антиконфессионалдық) – Орта Азия аймағында кең тараған экстремизм түрі болғандықтан зерттеушілер, дінтанушылар тарапынан қызығушылықты тудырып отыр. Діни экстремизм қоғамда діни құндылықтарды күштеп тарату тәсілі арқылы, зайырлы мемлекеттің діни ұйымдарын шетке ығыстыра отырып, өз ықпалын жүзеге асырады.
5. Саяси экстремизм – саяси бірлестіктер арасында халықаралық немесе ішкі мемлекет топтарының қақтығыстарында көрініс табады. Бұл қақтығыстар жоғарғы мемлекеттік деңгейдегі, сол мемлекеттік органдарда геосаяси және геоэкономикалық көзқарастарды ұстану мен тарату барысында пайда болады. Сонымен қатар, белгілі бір саяси мақсаттарға жету үшін ланкестік қорқыту немесе бопсалау арқылы нақты топтардың көзқарастарын жылжытуға немесе көрші мемлекеттегі тұрақсыздықты қолдау арқылы болатын мемлекетаралық қарама-қайшылықтарды айтамыз. Терроризм қалыптасқан тұрақты күштерін бұзуға бағытталған немесе тапшылықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін әрекет ретінде қарастыра алады. Одан міндетті түрде нақты саяси және экономикалық жақтан пайдалану мүмкіндігі туады.
Қазақстан өзі тарапынан ай­мақтық бейбіт өмірді, қауіпсіз­дік­ті және тұрақтылықты қам­тама­­сыз ету, сонымен қатар, демокра­тиялық, әділ және ұтым­ды саяси, экономикалық халық­аралық тәр­тіп орнату үшін қолынан келген­нің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жыл­дың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы атал­ған құрылым аясындағы экстре­мизм мен терроризмге қарсы нақ­ты іс-шараларын айтуға болады. Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халық­аралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы сала­лық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекет­тердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлес­тіруді қамтамасыз етеді. Сонымен, соңғы жылдары экстремистік және террорлық әрекеттер әлем елдері үшін жаңа мыңжылдықтың бас ауруы болып отыр. Әлемдік қоғамдастық аталған жаhандық проблеманы шешу жолында күш біріктірмесе, бұл қатер белең ала түсуі әбден ықтимал. Осы орайда қауіпсіз­дікті қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады. Қорыта айтқанда, жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың саяси қайшылықтары кезінде жоғарыда аталған мәселе­лер ерекше маңызға ие және оларды еңсеру барысында Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымы мен ұлттық ерекшеліктері есепке алынып отыруы тиіс.

 


Орындаған: Жұмаш А. Н

Ғылыми жетекші: Мұқан Нұрзат

https://www.kaznu.kz/

Кымбат СатышКымбат Сатыш
4 года назад 3978
0 комментариев
О блоге